-A A +A

2017 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Заңнама институты қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарын құқықтық мониторингке тарту мәселелеріне арналған бейнеконференция өткізді.

 

 

 

 

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Астана қаласы                                                                                                                           2017 жылғы 26 қыркүйек

 

 

 

2017 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Заңнама институты қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарын құқықтық мониторингке тарту мәселелеріне арналған бейнеконференция өткізді. Бейнеконференция Ақмола, Алматы, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қоғамдық, ғылыми ұйымдардың, жоғарғы оқу орындардың өкілдері қатысты.

Бейнеконференцияның жұмыс барысында заңшығарушылық және құқықтық мониторинг, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша құқық қолдану практикасында талдаудың мәселелер талқыланды.

Бейнеконференцияға қатысушылар тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын растап, қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне ең жақсы жолмен жауап беретін қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің маңызды құралы ретінде құқықтық мониторинг рөлін арттыруға мүмкіндік беретін, ұлттық заңнамада бар кемшіліктерді анықтау және жою жұмысында қоғам өкілдерінің мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастығының маңызына көңіл бөлінді.

Аталған бейнеконференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар қолданыстағы заңдарының құқық қолдану проблемалары бойынша ақпарат алмаса отырып, одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруды шешті.

Әділет министрлігі және Заңнама институты бейнеконференцияға қатысушыларына өзінің алғысын білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасына құқықтық мониторинг жүргізуге белсенді қатысуға шақырады.

Заңнама институты құқықтық мониторингтің қорытындылары бойынша ұсыныстарды қабылдауды мына телефондар бойынша: 74-14-87, 74-14-85, 74-14-50 және электрондық пошта: o.karakhozhayev@adilet.gov.kz жүргізеді.