-A A +A

«Ағылшын және еуропалық құқық қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 

 

 

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

 

Астана қаласы                                                          2017 жылғы 20 қазан

2017 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ-мен бірлесе отырып, «Ағылшын және еуропалық құқық қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты:

1) ағылшын және еуропалық құқық қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде Қазақстан Республикасының жеке құқығын жетілдіру тұжырымдамасының қайта пысықталған жобасының ережелерін талқылау;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ағылшын және еуропалық құқық қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде шарттық міндеттемелерді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының шарттық міндеттемелерді жетілдіру бөлігіндегі жекелеген ережелерін талқылау;

3) қорытынды ұсынымдарды дайындау болып табылады.

Конференция жұмысына Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың және басқа да мемлекеттiк органдардың, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың, Қазақстанның және шетелдік ғылыми бiрлестiктердің өкілдері қатысты.

    

Конференция бағдарламасы келесі спикерлердің баяндамаларын қамтыды: з.ғ.к., доцент, Каспий университетінің Жеке құқық институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Заңнама институтының бас ғылыми қызметкері Скрябин С.В.; LL.M., Христиан Альбрехт атындағы Кильск университетінің Шығыс Еуропа елдерінің құқығы институтының ғылыми қызметкері, Кильск еуразиялық экономикалық құқық орталығының үйлестірушісі Алиев А.; з.ғ.к., Қазақстан Республикасының Заңнама институтының жетекші ғылыми қызметкері, Каспий университеті «Әділет» жоғары мектебінің қауымдасқан профессоры Нестерова Е.В.; «Ресей-Тәжік (Славян) университеті» Жоғарғы білімнің мемлекетаралық білім беру мекемесінің Кәсіпкерлік құқық кафедрасы меңгерушісі, з.ғ.д., доцент Султонова Т.И.; «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Жүрсінов Р.М. және т.б.

Конференция барысында ҚР азаматтық заңнамасындағы делдалдық, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында адалдық және шарт бостандығы қағидаттарын іске асыру, Тәжікстан Республикасы заңнамасындағы шарт бостандығы және азаматтық-құқықтық нормалар императивтілігінің шектері, Қазақстан Республикасының заңнамасына кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін жаңа институттарды енгізу және т.б. тақырыптардағы негізгі баяндамалар тыңдалып талқыланды