-A A +A

АНОНС

АНОНС

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама институтымен бірлесіп Ақмола, Алматы, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қоғамдық, ғылыми ұйымдардың, жоғарғы оқу орындардың өкілдерін қолданыстағы заңнаманың проблемалық мәселелерін және құқықтық мониторинг нәтижелерін талқылауға бейнеконференция өткізуді жоспарлап отыр.  

Осыған орай мүдделі қоғамдық, ғылыми ұйымдардың, жоғарғы оқу орындардың өкілдерін қолданыстағы заңнаманың проблемалық мәселелерін және құқықтық мониторинг нәтижелерін бірлесіп талқылауға белсене қатысуды сұраймыз. Сонымен қатар құқықтық мониторинг нәтижесінде айқындалған қолданыстағы заңнаманың және оны қолдану тәжірибесінің проблемалық мәселелері бойынша өз ұсынымдарыңызды Қазақстан Республикасының Заңнама институтына жолдау болатындығын хабарлаймыз.

Бейнеконференция 2017 жылдың «26» қыркүйегінде сағат 10.00-де өтеді.

Барлық қажетті сұрақтар бойынша келесі телефон арқылы: 74-14-87 (Н. Омарова) хабарласа аласыз.

E-mail: na.omarova@adilet.gov.kz.