-A A +A

АНОНС

                                                                                                                Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасының Заңнама институты құқықтық мониторинг шеңберінде талдап жатқан «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын қолдану практикасы туралы шоғырландырылған пікір жасау және оны заң шығармашылық қызметінде есепке алу мақсатында Сіздерді аталған заңдардың проблемалық мәселелерін бірлесіп талқылауға қатысуға шақырамыз.

Кездесу өткізу күні: 2017 жылғы 25 қазанда сағат 10:00.

Кездесу өткізу орны: Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел көшесі 8, 13В кіреберіс, В341-кабинет.

Барлық сұрақтар бойынша 74-13-56 телефон нөмірі немесе d.kalkenova@adilet.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша жүгінуіңізге болады.