-A A +A

АНОНС

АНОНС

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама институтымен бірлесіп Алматы қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының үкіметтік емес ұйымдары, аумақтық әділет, ішкі істер, мемлекеттік кірістер мен прокуратура органдары, сонымен қатар қоғамдық, ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдерімен келесі сұрақтар бойынша бейнеконференция форматында өткізу жоспарлануда:

1) құқықтық мониторинг заң шығару процесіне жұртшылықтың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде;

2)   әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жаңашылдықтары: теория және тәжірибе мәселелері.

Осыған орай мүдделі қоғамдық, ғылыми ұйымдардың, жоғарғы оқу орындардың өкілдерін қолданыстағы заңнаманың проблемалық мәселелерін және құқықтық мониторингті бірлесіп талқылауға белсене қатысуды сұраймыз. Сонымен қатар қоғамдық мониторинг нәтижесінде айқындалған қолданыстағы заңнаманың және оны қолдану тәжірибесінің проблемалық мәселелері бойынша өз ұсынымдарыңызды Қазақстан Республикасының Заңнама институтына жолдау болатындығын хабарлаймыз.

Бейнеконференция 2017 жылғы «21» қараша сағат 09.00-де өтеді.

Барлық қажетті сұрақтар бойынша келесі телефон арқылы: 74-14-85 немесе o.karakhozhayev@adilet.gov.kz арқылы хабарласа аласыз.