-A A +A

«Азия елдерінде жерді экспроприациялау» атты халықаралық конференциясы

 

 

 

 

 

 

 

2017 жылғы 12-14 қыркүйекте Катманду қаласында (Непал) Заңнама институтының азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бас ғылыми қызметкері, з.ғ.к. Ербол Абайұлы Дүйсенов «Азия елдерінде жерді экспроприациялау» (2017 ALIN General Meeting and International Conference on “Land Expropriation in Asian Countries”) атты баяндамамен Азияның заң ақпараттық қоғамдастығының (Asia legal information network, аббр. ALIN) халықаралық конференциясына қатысты.

Конференцияны Азияның заң ақпараттық қоғамдастығы, Кореяның Заңнама зерттеу институты (Korea Legislation Research Institute) және Катманду университетінің  заң мектебі (Kathmandu University School of Law) ұйымдастырды.

Бангладештің, Вьетнамның, Үндістанның, Индонезияның, Қазақстанның, Камбоджаның, Қытайдың, Малайзияның, Моңғолияның, Филиппиндердің және Жапонияның жоғары оқу орындары мен ғылыми институттары ұсынған, Азияның заң ақпараттық қоғамдастығының 20 серіктес ұйымдарының делегаттары қатысты.

Конференцияға қатысушылар Азияның заң ақпараттық қоғамдастығы жұмысының шеңберіндегі ынтымақтастықты қолдауға Заңнама институтының қатысуын жоғары бағалады.

Күн тәртібіне сәйкес 2016-2017 жылдардың нәтижелерін қорытындылау мәселелері және 2018 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды. Сонымен қатар бірлескен зерттеулер жүргізу мәселелері, олардың тақырыптары, сондай-ақ келесі конференцияны өткізу орны талқыланды.

Қатысушыларға баяндамалар мен презентациялар ұсынылып, Вьетнамда, Моңғолияда, Үндістан мен Кореяда жерді алып қою (сатып алу) бойынша пікірталас өткізілді.

Конференцияға жұмыс істейтін судьялар, адвокаттар, ғалымдар, адам құқықтарын қорғау, жер заңнамасы және халықаралық қатынастар саласындағы мамандар қатысты. АСЕАН және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде заңнаманы, сот практикасы мен құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдірудің өзекті аспектілері талқыланды.

Қатысушылардың ресми сөз сөйлеуінің материалдары Халықаралық конференцияның жинағында жарияланған және олармен Заңнама институтының кітапханасында танысуға болады.