-A A +A

Институт қызметкерлерінің 2017 жылғы 28 қазан-8 қараша аралығындағы АҚШ-қа жұмыс сапарларының қорытындылары туралы

 

 

 

 

 

 

 

Институт қызметкерлерінің 2017 жылғы 28 қазан-8 қараша аралығындағы АҚШ-қа жұмыс сапарларының қорытындылары туралы

 

2017 жылғы 28 қазан – 8 қараша аралығында Заңнама институтының қызметкерлері атынан директоры А.С. Тукиев, Азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бастығы В.Т. Қоныс, жетекші ғылыми қызметкерлер Е.В. Нестерова мен С.Ж. Әбдірахманова, ғылыми қызметкер Қ.К. Сабиров ағылшын және еуропалық құқықтың жекелеген ережелерін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына имплементациялау бойынша жоба жұмысы шеңберінде АҚШ-қа жұмыс сапарына қатысты. Бағдарлама АҚШ Мемлекеттік департаментімен «International Visitor Leadership Program» бағдарламасы шеңберінде «Basic Principles of English Contract Law» атты тақырыпта ұйымдастырылды.  

 

Жұмыс сапары барысында Институт қызметкерлері Вашингтон, Сент-Льюис, Роли қалаларында болып қайтты. Бағдарлама аясында Вашингтонда Джорджтаун университетінің профессорларымен, Жоғарғы Сот, АҚШ Конгресінің кітапханасы, АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілдерімен, Шарттық дауларды қарау жөніндегі азаматтық кеңес (Civilian Board of Contract Appeals) судьяларымен кездесулер ұйымдастырылды. Осы кездесулер шеңберінде Құрама Штаттардың құқықтық құрылысы, федерализм жүйесі, соттық жүйе орны, АҚШ-тың шарттық құқығының құқықтық негіздерінің мәселелері қозғалды.

Институт қызметкерлері Вашингтоннан Сент-Льюиске аттанды, мұнда олар Сент-Льюистегі Вашингтон университетінің Құқық мектебінде, Төрелік және медиация орталығында, Миссури штатының шығыс округі бойынша АҚШ аудандық сотында, сондай-ақ бірқатар заң фирмаларында (Thompson Coburn LLP; Lewis, Rice & Fingersh, and L.C.; Bryan Cave) болып қайтты. Сент-Льюистен кейін зерттеу тобы Солтүстік Каролина штатына, соның ішінде, Роли қаласына бет бұрды. Мұнда қаланы басқарушылармен, Уэйк графтығының аудандық судьясымен және «Smith, Moore Leatherwood LLP» заң фирмасымен кездесулер өтті. Сондай-ақ Институт қызметкерлері Солтүстік Каролинаның атақты университеттерінде: Duke Law School, NCSU, UNC Law School болып қайтты.

Сапар аса нәтижелі әрі жоғары ақпараттық деңгейде өтті және шарттық құқық пен АҚШ құқықтық жүйесі аясындағы білімді айтарлықтай нығайта түсуге мүмкіндік берді.