-A A +A

Институттың барлық қызметкерлерін атаулы оқиғамен құттықтай отырып, зор табыс тілейміз!

2017 жылғы 2 қараша күні Қазақстан Республикасының Заңнама институты заң шығармашылық жұмысқа белсене қатысқаны үшін марапатқа ие болды. 

Марапатты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласында (2-3 қараша) ХІІ қазақстандық корпоративтік заңгерлер форумы аясында өткен салтанатты рәсімде табыс етті. 

Оған қоса, жоғарыда аталған номинацияда Каспий университетінің Жеке құқық ҒЗИ, Olimpex, White&Case, Baker&McKenzie заң компанияларының заң шығармашылық жұмысқа қосқан үлестері және адвокатС.М. Айтбаевтың, «Verus Company» ЖШС директоры М.К. Идрышевтың аталған жұмысқа қосқан жеке үлестері де аталып өтті.

Институттың барлық қызметкерлерін осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, зор табыс тілейміз!