-A A +A

Қазақстан Республикасының Заңнама институты КАЗГЮУ Университетінің негізінде 2017 жылғы 17 қарашада «Заңнаманың тиімділігін арттыруда құқықтық зерттеулердің рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңнама институты КАЗГЮУ Университетінің негізінде 2017 жылғы 17 қарашада «Заңнаманың тиімділігін арттыруда құқықтық зерттеулердің рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Конференцияға шақырылған қатысушылардың ішінде баяндамамен сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры - Игембаев Д.Ж., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама бөлімінің бас кеңесшісі, з.ғ.к. - Онлашева Ж.О., Қазақстан Республикасы Бас прокуратурысы Құқық қорғау қызметтері орталығының Бас Прокурордың аға көмекшісі - Ноғаев Қ.Н., Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің жаңартылатын энергия көздерін дамыту басқармасының басшысы - Құланбай А.Қ., КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебінің халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісінің м.а., PhD - Лозовая О.В., КАЗГЮУ Университеті Құқық жоғары мектебінің қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Серикбаев А.М.

Конференция шеңберінде заң шығару саласында құқықтық зерттеулер нәтижелерін қолданудың түрлі бағыттарын жаң-жақты талқыланды. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер тәжірибиесімен алмасу орын алды. 

Конференцияда барлығы 12 ғылыми баяндама тындалды. Баяндамалар іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін заңнамаға енгізу мәселелеріне арналды.

Институттың ғылыми қызметкерлері «Қазақстан Республикасында заң шығару қызметінің іске асырылуы және заң жобалары сапасының жетілдірілуі», «Жаңартылатын энергия көздерін қолдануды реттеу саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелері туралы», «БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының құқықтық сипаты», «Заң ғылымы және заң шығарушылық процесс», «Құқықтық мониторингтің теориялық және практикалық  мәселелері», «Қаржылық, шаруашылық, көлік, өнеркәсіп, құрылыс, сыртқы экономикалық қызмет және байланыс салалары терминдерінің лингвистика-заңнамалық қазақша-орысша анықтамалығы» жобасының таныстырылымы тақырыптарына презентация таныстырылымын өткізді.