-A A +A

«Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ ҚАЗГЗУ университетінің базасында «Заңнаманың тиімділігін арттыруда құқықтық зерттеулердің рөлі» тақырыбында жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – заң шығару саласында, оның ішінде мемлекеттік тілдегі заң шығару саласында құқықтық зерттеулердің нәтижелерін пайдаланудың түрлі бағыттарын жан-жақты талқылау, сондай-ақ ғылыми нәтижелермен, зерттеу және халықаралық тәжірибемен алмасу болып табылады. Конференцияға қатысуға мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстанның, ТМД елдері мен алыс шетелдің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы шақырылады.

Осыған орай, Сізді 2017 жылғы 17 қарашада, Астана қаласы, Қорғалжын тасжолы, 8, мекенжайы бойынша, № 202 аудиторияда өткізілетін осы конференцияға қатысуға шақырамыз. Тіркеу сағ. 9.00-де басталады.