-A A +A

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ИПОТЕКАСЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ ШЕҢБЕРІНДЕ БІРЛЕСІП ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ

 

 

 

 

 

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Астана қаласы                                                          2017 жылғы 27 қазан

Ағымдағы жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасының Заңнама институты құқықтық мониторинг шеңберінде Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңының проблемалық мәселелерін бірлесіп талқылауға арналған кездесу ұйымдастырды. Кездесуге ҚР Ұлттық банкінің өкілі Жакишева Г.А., «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Абдуллина А., Муратханова А.М., «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ өкілі Утеулов А.К., Республикалық нотариаттық палаты өкілі Полумордвинов О.И., «Цеснабанк» АҚ өкілі Сахипов Б.Х., «Банк ЦентрКредит» АҚ өкілдері Дуйсебаев Е.А., Ахылбаева Б.К., «ForteBank» АҚ өкілі Тлеубердиев Д.Е., «Сбербанк» АҚ ЕБ өкілі Яковиди И.Н., «Нурбанк» АҚ өкілі Шериязданова Э.С., «Qazaq Banki» АҚ өкілі Шайменова В.В., «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ өкілдері Жукенов Б.Б., Саякова Ж.М., Ашимов А.А. және басқалары қатысты.

Кездесу барысында ипотекалық қарызды қайтару механизмі, «ипотекалық қарыз» ұғымын кеңейту, Заң нормаларының экономикалық болмысқа сәйкестігі, Заң нормаларының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының нормаларымен байланысы мен ара қатынасы сұрақтары және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша және т.б. мәселелермен байланысты Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңының қолданылу практикасының өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу қатысушылары ҚР «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңын жетілдіру бойынша өздерінің ұсыныстарын белсенді түрде білдірді және аталған заңнамалық актіні қолдану бойынша проблемдік мәселелерді анықтау жұмысын жалғастырып, мағлұматтарды электрондық пошта арқылы жіберуді ұйғарды.

Кездесу қорытындысы бойынша кездесу барысында айтылған ұсыныстарды және ҚР «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңына жасалған құқықтық мониторинг нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша ҚР Заңнама институты талдау анықтамасын дайындап, тиісті мемлекеттік органға және үкіметтік емес ұйымдарға жіберу шешілді.

Заңнама институты кездесуге қатысушыларға өзінің алғысын білдіреді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын талдауға белсенді қатысуға шақырады. ҚР Заңнама институты құқықтық мониторингтің қорытындылары бойынша ұсыныстарды қабылдауды мына телефондар: 74-13-56, 74-14-50 және электрондық пошта: n.akimova@adilet.gov.kz бойынша жүргізеді.