-A A +A

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің проблемалық мәселелерін бірлесіп талқылауға арналған кездесу

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Заңнама институты құқықтық мониторинг шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің проблемалық мәселелерін бірлесіп талқылауға арналған кездесу ұйымдастырды. Кездесуге ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Актаев С.С., «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Ордабаева Ш.Н., Махмут Ж., «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өкілдері Рымжанов М.Р., Зейнельгабдина Г.А., «Сараптамалық ұйымдар палатасы» аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың кәсіби бірлестігінің өкілі Әуелбек Ж., «Теңіз өнеркәсібі иелері мен кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Адамова Р.К., «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» РЗТБ өкілдері Ибрагимова Е.Г., Джумабеков Ч.А., «Inlaw.KZ» заң агенттігінің өкілдері Сулейменова С.С., Базарбек Б.Ж. және «KAZENERGY» Қауымдастығының өкілі Ахметжанова Г.С. және басқалары қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізу, медициналық қызмет көрсету нарығында баға белгілеу, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалардың мәртебесін реттеу, жер қатынастарында инвесторларды тарту бойынша және т.б. мәселелермен байланысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің қолданылу практикасының өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу қатысушылары ҚР Кәсіпкерлік кодексін жетілдіру бойынша өздерінің ұсыныстарын белсенді түрде білдірді және аталған заңнамалық актіні қолдану бойынша проблемдік мәселелерді анықтау жұмысын жағастырып, мағлұматтарды электрондық пошта арқылы жіберуді ұйғарды.

Кездесу қорытындысы бойынша кездесу барысында айтылған ұсыныстарды және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне жасалған құқықтық мониторинг нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша ҚР Заңнама институты талдау анықтамасын дайындап, тиісті мемлекеттік органға және үкіметтік емес ұйымдарға жіберу шешілді.

Заңнама институты кездесуге қатысушыларға өзінің алғысын білдіреді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарды талдауға белсенді қатысуға шақырады. Заңнама институты құқықтық мониторингтің қорытындылары бойынша ұсыныстарды қабылдауды мына телефондар бойынша: 74-13-56, 74-14-50 және электрондық пошта: n.akimova@adilet.gov.kz  жүргізеді.