-A A +A

ҚР Заңнама институтының қызметкерлері «Астана – таза қала» атты жыл сайынғы экологиялық сенбілікке қатысты

Ағымды жылдың 16 қыркүйегінде ҚР Заңнама институтының қызметкерлері жыл сайынғы экологиялық сенбілік шеңберінде өткізілетін «Астана – таза қала» атты астана аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Бұл іс-шараға кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, ведомстволар мен ұлттық компаниялар қызметкерлері және оқу орындар қатысты.

Жалпықалалық сенбіліктің негізгі мақсаты қала көшелерінің тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениеті қалыптастыруға жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.

       ҚР Заңнама институтының қызметкерлері Орынбор көшесі бойына («Хан Шатыр» ССО ауданында) 89 көшет отырғызып қаланың көгалдандырылуына  өз үлесін қосты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар сенбілікке қатысушыларды қажетті құралдармен (күрек, тырнауыш), қолғаппен, сондай-ақ ыстық шаймен қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдады.