-A A +A

Кәсіпкерлік құқығының жаздық мектебі

Қазақстан Республикасының Заңнама институтының қызметкерлері Тлембаева Ж.У мен Абылайұлы А. Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) белсенді қолдауы негізінде 2017 жылдың 17-29 шілдесі аралығында Неміс кәсіпкерлік құқығының сегізінші жаздық мектебіне қатысты.

Висбаден Университеті, Мартин Лютер атындағы Халле-Виттенберг Университеті, Берлин Еркін Университеті профессорларымен және ғылыми қызметкерлерімен, сонымен қатар, тәжірибиедегі заңгерлерімен дәрістерді өткізу мақсаты қатысушыларды неміс құқығы дамуының негізгі институтары мен үрдістерімен таныстыру болды.

Дәрістер, сонымен қатар, еуропа құқығының ұлттық құқыққа,  Германияның кейбір салалық заңнама институтарына (конституциялық, әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық-процестік, азаматтық және азаматтық-процестік, корпоративтік және білім беру құқығына) әсер ету сауалдарын ашуға бағытталған. Жаздық мектеп бағдарламасы аясында қатысушылар Германиядағы судья, адвокат және нотариус қызметінің тәжірибиелік ерекшеліктерімен танысты.

Дәрістердің аяқталуы нәтижесінде қатысушыларға сертификатар табыс етілді.