-A A +A

Құқықтық мониторинг шеңберінде ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың проблемалық мәселелерін бірлесіп талқылауға арналған кездесу

 

 

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 6 қазанында  Қазақстан Республикасының Заңнама институты құқықтық мониторинг шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың проблемалық мәселелерін бірлесіп талқылауға арналған кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Халденова А.Т., «Қазақ соқырлар қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің өкілі Бокенбаев А.К., «Астана қаласының Алматы облысы мүгедектерерінің еркін қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің өкілдері Бейсенбаев К.Б., Бейсенбаева Ж.К., «Дос» Тәуелсіз өмірі» Орталығының өкілі  Ердилдинова Д.И. және тағы басқалары қастысты.

Кездесу барысында мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне салық бойынша берілетін жеңілдіктер, мүгедек-аналарды қолдау (Латвия Республикасының тәжірибесі бойынша), мүгедектерге арналған тауарларды мемлекеттік сатып алу барысында мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне айрықша құқық беру, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін қайта тіркеу бойынша және т.б. мәселелермен байланысты Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың қолданылу практикасының өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу қатысушылары ҚР Әділет министрлігіне Халықаралық мүгедектер күніне (қазан айының 2-ші жексенбісі, 2017 жылдың 8 қазаны) орай мүгедектерге құқықтық көмек көрсету бойынша айлыққа қатысуға ұсыныс жасады.

Бұдан басқа, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі 2017 жылдың 27 қазанында ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитеті мен «Нұр Отан» партиясының Әлеуметтік кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылатын мүгедек-балалардың құқықтары бойынша заңнаманы сақтау бойынша кеңеске Заңнама институтының қызметкерлері қатысуының пайдалылығы туралы тілегін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша кездесу барысында айтылған ұсыныстарды және ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаға жасалған құқықтық мониторинг нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша ҚР Заңнама институты талдау анықтамасын дайындап, тиісті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға жіберу шешілді.

Заңнама институты кездесуге қатысушыларға өзінің алғысын білдіреді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарды талдауға белсенді қатысуға шақырады. Заңнама институты құқықтық мониторингтің қорытындылары бойынша ұсыныстарды қабылдауды мына телефон бойынша: 74-14-85 және электрондық пошта: ai.kalieva@adilet.gov.kz.  бойынша жүргізеді.