-A A +A

Құқықтық мониторинг шеңберінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары саласындағы проблемалық мәселелерін бірлесіп талқылауға арналған кездесу

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасының Заңнама институты құқықтық мониторинг шеңберінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары саласындағы проблемалық мәселелерін талқылауға арналған кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бекишева Р.М., «Дағдарыс орталықтарының одағы» Қоғамдық бірлестігінің өкілі, «Линия жизни» Қоғамдық бірлестігінің бас директоры Нурбеков Э.Д., «Право» Қоғамдық бірлестігінің өкілі Рыль О.В., «Көмек» Шымкент қаласының тұрмыстық зорлық құрбандары үшін дағдарыс орталығының басшысы Рыль А.И., Балаларды қорғау бойынша ЮНИСЕФ үйлестірушісі Бекмуса А.Ж., «Оңалту технологиялары мен тұжырымдамалар» Қоғамдық бірлестігінің өкілі Кульжабаева О.М., Ф.Эберт атындағы қордың өкілі Каленова М.Б., «Жаснұр» саңыраулар қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігінің өкілі Абдухаликова А.М. және Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ өкілі Мухамедиев К.М. қатысты.

Кездесу барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының қолдану практикасының өзекті мәселелер талқыланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету тетіктерін жетілдіру бойынша бағалы ұсыныстар айтылды.

Атап айтқанда, қатысушылар зардап шеккендерге көмек көрсету және оны анықтау бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері өзара іс-қимылды жақсарту қажеттігі, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін кеңейту және нақтылау, бұзушылармен ашу-ызаны бақылау бойынша оқыту курстарын тағайындау жолымен профилактикалық жұмыс жүргізу, баланың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қорғау тетіктерін жетілдіру және т. б. атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша кездесу барысында айтылған ұсыныстарды және жоғарыда аталған заңнамаға жасалған құқықтық мониторинг нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша ҚР Заңнама институты талдау анықтамасын дайындап, тиісті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға жіберу шешілді.

ҚР Заңнама институты кездесуге қатысушыларға өзінің алғысын білдіреді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарды талдауға белсенді қатысуға шақырады.

ҚР Заңнама институты құқықтық мониторингтің қорытындылары бойынша ұсыныстарды қабылдауды мына телефон бойынша: 74-14-55, 74-13-56 және электрондық пошта: d.kalkenova@adilet.gov.kz бойынша жүргізеді.