-A A +A

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 

 

 

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Астана қаласы                                                               2017 жылғы 29 маусым

 

 

ҚОҒАМДЫҚ, ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАР МЕН ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГКЕ ТАРТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

 

2017 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Заңнама институты қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарын құқықтық мониторингке тарту мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізді.

Кеңес жұмысына қоғамдық, ғылыми ұйымдардың, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, ғалым-заңгерлер және практиктер қатысты.

 

Семинар-кеңес барысында Құқықтық мониторинг орталығының қызметкері С. Айсин құқықтық мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар жобасын талқылауға ұсынды, сондай-ақ, құқықтық мониторинг жүргізу кезінде социологиялық әдістерді пайдалану, құқықтық мониторингте қоғамдық ұйымдардың маңыздылығы  сияқты мәселелер талқыланды.

Бұдан басқа, қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің маңызды құралы ретінде құқықтық мониторинг рөлін арттыруға мүмкіндік беретін, қолданыстағы заңда бар кемшіліктерді анықтау және жою жұмысында қоғам өкілдерінің мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастығының маңызы атап өтілді.

Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар қолданыстағы заңдарының құқық қолдану проблемалары бойынша ақпарат алмаса отырып, одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруды шешті.

Құқықтық мониторинг орталығы құқықтық мониторингтің қорытындылары бойынша ұсыныстарды қабылдауды мына телефондар бойынша: 74-14-87, 74-14-50 және электрондық почта арқылы: na.omarova@adilet.gov.kz  жалғастыруда.