-A A +A

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Астана қаласы                                                        2017 жылғы 21 қараша

 

 

Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Құқықтық мониторинг орталығымен 2017 жылдың 21 қарашасында Әділет министрлігі алаңында аумақтық әділет, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, прокуратура органдары және де қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарыңың өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция ұйымдастырды. Бейнеконференция жұмысына Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қоғамдық, ғылыми ұйымдары, жоғарғы оқу орындардының өкілдері қатысты.

Бейнеконференция жұмысы барысында заңнаманың өзекті проблемалары, соның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету, сонымен қатар мемлекеттік қызметке қабылданған кезде мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар үшін ақпаратқа қолжеткізу құқығын құқықтық реттеу мен жүзеге асырудың проблемалары талқыланды. Сонымен қатар бейнеконференцияда студенттерді оқытуға және құқық қолдану тәжірибесінде қолдану үшін құқықтық мониторинг нәтижелерінінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, осы іс-шара шеңберінде, көрнекі мысал ретінде құқықтық мониторинг институттары мен құралдарының тиімді пайдаланылуы сонымен қатар, заң шығаршылық процесінде жұртшылықтың кеңінен қатысуының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жобасынының кейбір ережелері соның ішінде айыппұлдар, жеке кәсіпкерлер үшін өкілеттік институттар мен маңызы шамалы институтын қалпына келтіру туралы тыңдалды.

Бейнеконференцияға қатысушылар қоғамға, адамдарға және мемлекет мүдделеріне ең жақсы жолмен жауап беретін қолданыстағы заңнаманы жетілдірудегі маңызды құралы ретінде құқықтық мониторинг рөлін арттыруға мүмкіндік беретін ұлттық заңнамадағы кемшіліктерді анықтау және жою жұмысында қоғам өкілдерінің мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастығы маңыздылығын мақұлдады.

Бейнеконференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар заңнама проблемалары мен құқық қолдану тәжірибесің талдау бойынша ақпарат алмаса отырып, одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруды шешті.

Әділет министрлігі және Заңнама институты бейнеконференция қатысушыларына өзінің алғысын білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасына құқықтық мониторинг жүргізуге белсенді қатысуға шақырады.

Заңнама институты ұсыныстар мен ұсынымдарды мына телефондар: 74-14-87, 74-14-85, 74-14-50 бойынша және электрондық пошта: o.karakhozhayev @adilet.gov.kz  арқылы қабылдайды.