-A A +A

«Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Жаршысы» журналы редакциялық алқасының ұрлап пайдалануға(плагиатқа) қатысты саясаты (жалпы қағидаттары) туралы ереже

«Қазақстан Республикасы

Заңнама институты»

ММ директорының

2016 жылғы 23 тамыздағы

№ 26-п бұйрығымен бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Жаршысы» журналы редакциялық алқасының ұрлап пайдалануға(плагиатқа) қатысты саясаты

(жалпы қағидаттары) туралы ереже

 

«Қазақстан Республикасы заңнама институтының Жаршысы» журналы редакциялық алқасының ұрлап пайдалануға (плагиатқа) қатысты саясаты (жалпы қағидаттары) туралы ереже 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы», 2007 жылғы 27 маусымдағы «Білім туралы», 1996 жылғы 16 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде әзірленді.

 

1.Жалпы ережелер

1.1. Ұрлап пайдалану (плагиат) – автордың рұқсатынсыз және оның ғылыми-зерттеу жұмысына сілтеме жасамай өзіне иемдену немесе пайдалану, сондай-ақ оның нәтижелерін ол ресімделгенше жариялап жіберу.

1.2. Ұрлап пайдалану (плагиат) мынадай нысандарда көрініс бере алады:

- жариялауға жіберілетін мақалада басқа біреудің мәтінін пайдаланылып отырған дереккөзін көрсетпей пайдалану;

- мақалада басқа біреудің мәтінін оның сөздерін және сөз саптауын ауыстырып, пайдаланылып отырған мәтіннің мағынасын өзгертпей (астарлап/басқашалап) баяндау;

- ұрлап пайдаланудың (плагиаттың) фактісін табу мүмкіндігін азайту немесе болдырмау мақсатында техникалық амалдар мен әдістерді қолдану.

1.3. Жасалған плагиат фактілері табылған және бұлар жөнделмеген жағдайда мақала жариялануға жіберілмейді.

 

2. Ұрлап пайдалану (плагиат) фактілерін анықтауға орай тексеру тетігі

2.1. Автор (авторлар) мақаласын редакциялық алқасына жібереді.

2.2. Егер автордың ғылыми дәрежесі болмаса, онда ол редакцияға өзінің мақаласы жөнінде ғылыми жетекшісінің немесе ғылыми дәрежесі бар адамның ренцензиясын ұсынады. Рецензияда ұрлап пайдалану (плагиат) фактілерін анықтауға орай тексерудің толық нәтижелері міндетті түрде көрсетіледі.

Егер редакциялық алқа мүшелерінің немесе журналды шығаруға жауапты адамның мақаланың немесе рецензияның мазмұны бойынша күмәні болса, онда редакциялық алқа бұл мақаланы қайта рецензиялауға жіберуге құқылы.

2.3. Ғылыми дәрежесі бар автор (авторлар) өзінің мақаласын редакцияға рецензиясыз ұсынады. Ұрлап пайдалану (плагиат) фактілерін анықтауға орай тексеруді редакциялық алқа мүшелері өз бағыттары бойынша жүзеге асырады.

2.4. Мақаланы тексеру нәтижелері бойынша редакциялық алқа мүшелері бұл жөнінде журналды шығаруға жауапты адамға жазбаша пікір/есеп беру арқылы хабарлайды.

 

3. Тексеру жүргізудің әдістемесі

3.1. Мақаланы тексеру мынадай екі кезеңде жүргізіледі:

I кезең – мақала электрондық түрде ұсынылғаннан кейін редакциялық алқа мүшелері түскен мақаланы «Антиплагиат» жүйесін (http://www.antiplagiat.ru) және/немесе ғылыми жұмыстарды пайдаланып кетудің бар болуына тексеру жөніндегі арнайы бағдарламаларды және/немесе қажет болған жағдайда Интернеттің мынадай іздеу жүйелерін: Google, Yahoo!,Yandex, Rambler және тағы басқаларын қолдана отырып тексеруді жүзеге асырады.

Егерэлектрондық жүйелер мен басқа да техникалық амалдарды пайдалана отырып жасалған тексеру ұрлап пайдалану (плагиат) фактілерінің болмауын анықтаса, бірақ олардың болуына қатысты негізделген күмән болса, редакциялық алқа мүшелері журналды шығаруға жауапты адаммен келісім бойынша тексерудің өзге де амалдарын қолдана отырып қайта рецензиялау жүргізуге құқылы.

II кезең –редакциялық алқа мүшесі ұрлап пайдалану (плагиат) фактілерін анықтауға орай жазба жұмысына жүргізілген техникалық тексерудің кеңейтілген талдауын қоса отырып мақалаға пікір дайындауды жүзеге асырады.

3.2. Мақаланы тексерудің жалпы мерзімі 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

3.3. Егер тексеру нәтижелері бойынша мақала мәтінінің 20%-дан астам мөлшерінің ғылыми жұмыстармен сәйкес келуі анықталса, мақала жарияланымнан алып тасталады.

 

4. Жауаптылық және бақылау

 

4.1. Мақала авторы (авторлары) заңнамаға сәйкес жауапты болады.

4.2. Редакциялық алқа мүшелері «Қазақстан Республикасы Заңнама институтының

Жаршысы» журналы редакциялық алқасының ұрлап пайдалану (плагиат) фактілерін анықтауға қатысты саясатының бұзылуына дербес жауаптыболады.

4.3. Осы ереженің орындалуын бақылаудыдиректордың «Қазақстан Республикасы Заңнама институтыныңЖаршысы» журналының шығарылуына жетекшілік ететін орынбасарына жүктеледі.