-A A +A

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМА ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ» ҒЫЛЫМИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖУРНАЛЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы

Заңнама институтының

Ғылыми-әдістемелік кеңесі

«БЕКІТКЕН»

2016 жылғы «13 шілдедегі»

№ 4 хаттама

 

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЗАҢНАМА ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ»

ҒЫЛЫМИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖУРНАЛЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

 

І. Негізгі ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы» ғылыми-құқықтық журналын(бұдан әрі – Жаршы) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитеті 2005 жылғы 7 қыркүйекте № 6592-Ж болып тіркеді, Қазақстан Республикасы Заңнама институтының мерзімді баспасөз басылымы ретінде (бұдан әрі – Институт) қайта тіркелді (2010 жылғы 15 қарашадағы куәлік № 11219-Ж), ISSN 1994-408Х-сы бар және кемінде үш айда бір рет шығарылады.

2. Жаршыда заң ғылымының, ұлттық және халықаралық заңнаманың әртүрлі салаларындағы теориялық және практикалық маңызы бар зерттеулер нәтижелері туралы ғылыми мақалалар және ғылыми шолулар жарияланады.

3. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитетінің 2013 жылғы 30 мамырдағы шешімімен (БҒСБК № 894 бұйрығы) Жаршы заң ғылымы жөніндегі диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесіне енгізілді.

4. Жаршының ғылыми жарияланымдарында дәйектемелік негізге көп алынатын индексі бар авторлардың географиялық әртүрлілігі және ағылшын тіліндегіжұмыстардың жариялануы қамтамасыз етіледі.

5. Жаршының мазмұндық бөлігіне бақылауды жарияланатын мақалаларға қойылатын талаптарға сәйкес редакциялық алқа жүзеге асырады.

6. Жаршының редакциялық алқасы баспа этикасының қағидаттарын сақтауға бағытталған саясатты қолдайды (1-қосымша) және барлық мақалаларды рецензиялаудың міндетті түрде екіжақты анонимдік («жасырын») әдісімен рецензиялау рәсімін жүргізеді (2-қосымша).

7. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

8. Жаршының меншік иесі және шығарушысы – Институт болып табылады.

9. Авторлардың барлық санаттары үшін жариялау тегін. Жариялануға бір мезгілде автордың өзі жазған тек бір мақаласы және тең авторлықпен жазылған бір мақаласы қабылданады.

 

ІІ. Жаршының мақсаттары, міндеттері және құрылымы

 

9. Жаршының негізгі мақсаты заң ғылымының,құқық, заңнама, халықаралық қатынастар саласының өзекті іргелі және қолданбалы зерттеулерінің нәтижелерін жариялау, сондай-ақ оқырмандарды ғылыми әзірлемелерді енгізудің әлемдікозық тәжірибесімен таныстыру болып табылады.

10. Жаршы қазақстандық ғылыми-ақпараттық жүйесінің бір бөлігі ретінде:

- құқықтың әртүрлі салаларын дамыту және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында отандық және шетелдік заңнаманың, құқық қолдану практикасының қазіргі жай-күйін зерттеу;

- мемлекеттік-құқықтық құбылыстың, халықаралық және шетелдік  заңнаманың теориялық және эмпириялық аспектілерін талдау;

- Қазақстан Республикасының және басқа елдердің құқықтық институттарына салыстырмалы зерттеу жүргізу;

- заң қауымдастығын зерттеу нәтижелерімен таныстыру міндеттерін шешуге қатысады.

11. Жаршыда ғылыми мақалалар мен шолулар рубрикалар бойынша орналастырылады, олар ұсынылған жарияланымдардың мазмұны мен проблематикасына қарай ресімделеді.

 

ІІІ. Жарияланатын мақалаларға қойылатын талаптар

 

12. Мақаланы жариялау шарттары:

- жариялауға ұсынылатын мақала өзекті проблеманың іштей қабыстырылып зерттелуін сипаттайтындай, дербес болуға, айтатын ойы аяқталып тұруға;

- тың жаңалығы болуға;

- алдыға міндет қойып (проблема көтеріп), оның шешімін табуға;

- зерттеудің негізгі нәтижелерін көрсетуге;

- ресімдеу қағидаларына сай болуға тиіс.

Мақаланың мәтінін автор (авторлар) мұқият оқып шығып, қол қояды, ол (олар) жарияланатын материалды зерттеудің түпнұсқалығы мен ғылыми-теориялық дәрежесі үшін жауап береді.

13. Мақаланы ресімдеу қағидалары:

- мақаланың мәтіні10 мыңнан 20 мыңға дейін белгілері бар,көлемі 14 пт. Times New Roman қаріпімен,бір интервал арқылы, бір жоларалық интервал арқылы, ені бойынша форматталған, абзац арқылы 1,25 см бөлініп көрсетілген, барлық жағынан 20 миллиметрден жиегі бар, беттің дәл ортасының міндетті түрде төменгі жағынан нөмірленгенMicrocoft Word форматында ресімделеді;

- мақалада ӘОЖ (Әмбебап ондық сыныптауыш) индексі қамтылуға тиіс;

- автордың (авторлардың) тегі, аты, әкесінің аты, мақаланың тақырыбы, аннотация, 5-10 түйін сөз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ресімделеді;

- мақалада төрт бұрышты жақша ішіндегі тізімге сәйкес ресімделген әдебиетке сілтемелер болуға тиіс. Нөмірлеу дәйексөздің алынуына қарай жүзеге асырылады. Материал авторы көрсетілмеген электрондық ресурстар, статистсикалық жинақтар, нормативтік құқықтық актілер әр беттегі сілтемелерде көрсетіледі және пайдаланылған әдебиеттің тізімі бөлек берілмейді. Дерек көзінен қайтадан дәйексөз келтірген жағдайда оған бастапқы дәйексөз келтіру нөмірі беріледі. Мақала ішіндегі әдебиеттің тізімі де романдық әліпбимен (References) ресімделеді.Http://translit.ru сайтында орыс тілін латын жазуына транслитерациялау бағдарламасы бар. Автордыңөз дәйексөзін келтіруіне әдебиет тізіміндегі көздер санының 20 пайызынан аспайтындай мөлшерде жол беріледі.

- редакциялық алқа жұмыс тақырыбы бойынша ғалымдардың еңбегімен танысуды және журналдағы жарияланымдарға (www.iz.adilet.gov.kz қараңыз, «Оқиғалар» айдары, «Жаршы» айдары), журналдардағы жаhандық дәйексөз келтіру индексі бойынша (Scopus, Web of Science, Thomson Reuters) мақалаларға сілтеме жасауды ұсынады(3-қосымша).

14. Мақалаға қоса берілетін құжаттар:

- автор қол қойған өтінім (4-қосымша);

- ғылыми дәрежесі жоқ автор мақала мен пікірдің ғылыми жетекшісінің/консультантының қолы қойылған және мекеменің мөрімен куәландырылған әр парағының сканерленген көшірмесін жібереді.

15. Мақала ресімдеу қағидаларына сәйкес ресімделген мәтінinstzak-kz@mail.ru электрондық мекенжай бойынша жіберіледі.

16. Мақалалар белгіленген кесте бойынша қабылданады:

  • № 1-ге (наурыз) — ағымдағы жылдың 1 қаңтарына дейін;
  • № 2-ге (маусым) — ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін;
  • № 3-ке (қыркүйек) — ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін;
  • № 4-ке (желтоқсан) — ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін.

Ағымдағы нөмірге материалдарды іріктеу редакциялық жоспарларда айқындалады.

17. Мақалалар жарияланатын мақалаларға қойылатын талаптар қатаң сақталған және барлық ілеспе құжаттар бар болған кезде қарау үшін қабылданады.

18. Баспақызметі бөлімінің бас редакторы авторларды мақаланың электрондық пошта арқылы түскендігі туралы 14 күннің ішінде хабардар етеді. Қажет болған кезде авторға ескертулерді жоюы туралы хат жазады және мақалаларды редакция алқасы мүшелеріне олардың Ереженің 12-тармағына сәйкес болуына тексеру және «Антиплагиат» жүйесі бойынша мәтіннің бірегейлігіне тексеру үшін жібереді.

19. Жарияланым шарттары мен рәсімдеу қағидаларына сәйкес келетін мақалалар рецензиялауға жіберіледі. Рецензенттің аты жария болмайды. Жарияланымның мерзімдері туралы ақпарат авторларға рецензиялаудан өткеннен кейін хабарланады.

 

ІV. Қорытынды ережелер

 

20. Жаршының міндетті тегін даналарын не оның электрондық-цифрлық нысанын Институт ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігіне, сондай-ақ қажет болуына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және қазақстандық және шетелдік ғылыми ұйымдарға жібереді.

21. Журналдың электрондық нұсқасы Жаршының және Институттың www.iz.adilet.gov.kzсайтында жарияланады.