-A A +A

«Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ Ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Келісілді _____________

Қазақстан Республикасы   

Әділет министрінің     

орынбасары 

З.Х. Баймолдина

 

2012 жылғы «  » шілде

Бекітемін________________

«Қазақстан Республикасының

Заң шығару институты» ММ

директоры

А.А. Смағұлов

 

2012 жылғы «   » шілде

 

 

«Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ

Ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

І. Жалпы ережелер

1.1. «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ (бұдан әрі – Институт) Ғылыми-әдістемелік кеңесіИнституттың алқалы кеңес органы болып табылады.

1.2. Ғылыми-әдістемелік кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы заңнаманы, әділет министрлігінің ведомстволық актілерін және Институттың ішкі актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімдері Институттың барлық қызметкерлері үшін міндетті сипатта болады.

 

ІІ. Ғылыми-әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

2.1. Ғылыми-әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Ре,спеубликасының заңнамасын, нормативтік құқықтық актілер жобаларын дамытудың ғылыми тұжырымдамасын әзірлеуге, мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізуге Институттың қатысуы жөніндегі жұмысын үйлестіру болып табылады.

2.2. Ғылыми-әдістемелік кеңестің функциясы:

- Институттың ғылыми-ұйымдастыру және зерттеу қызметін дамыту стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

- мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру;

- Институттың Қазақстан Республикасының заңнамасын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;

- мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында Қазақстанның және шет елдердің ғылыми зерттеулерін жүзеге асыру кезінде Институттың ғылыми ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен өзара әрекет етудің негізгі бағыттарын әзірлеу;

-заңнамалық актілер жобаларын дайындау жөнінде, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану және оларды практикаға енгізуге жәрдемдесу жөнінде, сондай-ақ ғылыми сараптамалар жүргізуді жетілдіру мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

- Қазақстан Республикасы заңнамсының жайы туралы ақпарат жинау, бағалау, талдау негізінде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- заң жобалау және ғылыми-зерттеу қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты орнықтыру;

- Институттың Регламентін бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

- Институттың Заң шығару және ғылыми-зерттеу қызметі жоспарының жобасын қарау және бекіту;

- Институт қызметкерлерінің ғылыми тағлымдамадан өту, біліктілігін арттыру және ғылыми іссапарға шығу мәселелерін қарау;

- Институттың құрылымдық бөлімшелерінің заң жобалау және ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі жарты жылдық және жыл сайынғы есептерін бекіту;

- Институттың баспа қызметін үйлестіру;

- ағымдағы жылға Институттың Іс-шаралар жоспарын талқылау және бекіту;

Ғылыми-әдістемелік кеңестің құзыретіне жататын өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

ІІІ. Ғылми-әдістемелік кеңестің құзыреті

3.1. Ғылыми-әдістемелік кеңестің ерекше құзыретіне мыналар жатады:

- заң жобалау және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің істеген жұмысы туралы есептерін тыңдау және бекіту;

- PhD доктор диссертациялық зерттеулерді қорғау жөніндегі мемлекеттік аттестациялау комиссиясына кандидатураларды бекіту;

- Институттың Ғылыми-әдістемелік кеңесінің Жұмыс жоспары мен ағымдағы жұмыс жоспарларын бекіту;

- іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер нәтижелерін, оның ішінде монографияларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды баспаға ұсыну.

 

IV. Ғылыми-әдістемелік кеңестің құрамы және оның жұмыс тәртібі

4.1. Ғылыми-әдістемелік кеңестің құрамына «ҚР Заң шығару институты» ММ директоры, директордың орынбасарлары, ғылыми қызметкерлер және практик ғалымдар кіреді.

4.2. ҒӘК отырысы оның жұмысының жоспарына сәйкес, сондай-ақ қажет болуына қарай, бірақ тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі.

4.3. Институттың директоры Ғылыми-әдістемелік кеңестің төрағасы болып табылады. Кеңес төрағасы болмаған кезде оның функциясын Ғылыми-әдістемелік кеңес төрағасының орынбасары орындайды.

4.4. Төраға жалпы басшылықты жүзеге асырады және Ғылыми-әдістемелік кеңестің қызметін бағыттап отырады, отырыстарға төрағалық етеді, сондай-ақ Жарғыға және осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4.5. Ғылыми-әдістемелік Кеңестің жұмысын қамтамасыз етуді хатшы жүзеге асырады.

Хатшы:

- Институттың тиісті бөлімшелерімен және лауазымды адамдарымен бірлесіп, Институттың ғылыми-зерттеу қызметінің жоспарын әзірлеу жөніндегі, Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырыстарын өткізу және шешімдерін іске асыру жөніндегі ұйымдастыру-дайындық жұмыстарын жүзеге асырады;

- Институттың құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпаратты сұратады, Институт қызметкерлерінің Ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімдерін орындауын бақылайды;

- Ғылыми-әдістемелік Кеңестің шешімдерін кадрлық қамтамасыз ету және іс жүргізу бөліміне бақылауға беруді қамтамасыз етеді және Ғылыми-әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы туралы Төрағаға жүйелі түрде хабарлайды.

4.6. Ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшелері оның қызметіне белсенді түрде қатысуға міндетті. Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысының материалдарын орындаушылар Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін жеті күннен кешіктірмей хатшыға табыс етеді.

Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысының материалдары қарау үшін отырыс өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оның мүшелеріне жіберіледі.

4.7. Ғылыми-әдістемелік кеңес, егер отырысқа Кеңес мүшелерінің 2/3 қатысса, шешім қабылдауға құқылы болады.

Институттың Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімді Ғылыми-әдістемелік кеңестің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды.

 

V. Іс жүргізу

5.1. Ғылыми-әдістемелік Кеңес Институттағы істер номенклатурасына сәйкес құжаттама жүргізеді.

5.2. Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы хататмамен ресімделеді. Институттың Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешіміне Төраға және хатшы қол қояды.

Институттың Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімі тұрақты сақталатын құжат болып табылады және хатшылар ауысқан кезде акт бойынша беріледі.

 

 

 

VI. Қорытынды ережелер

6.1. Осы Ереже Институттың Ғылыми-әдістемелік кеңесінің заң жобалау және ғылыми-зерттеу қызметін регламенттейтін негізгі құжат болып табылады.

6.2. Ережеге Институттың Ғылыми-әдістемелік кеңесі мүшелерінің кемінде жартысының ұсынысы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6.3. Ереже Институт директоры бекіткен кезден бастап қолданысқа енгізіледі.