-A A +A

Кітапхана туралы

«Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ ғылыми кітапханасының қызметі туралы

 

1. Кітапхана қоры. Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Заңнама институты) кітапханасының қорын баспа басылымдары (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, жинақтар, брошюралар, анықтама басылымдар, газеттер, журналдар), мәтіндік басылымдар, сондай-ақ CD-дискілер құрайды.  Кітапхана қоры баспа басылымдарын кітап дүкендерінен мемлекеттік сатып алу арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардан, оқу және ғылыми ұйымдардан және Заңнама институты баспаханасынан түсетін баспа басылымдарымен қалыптастырылып отырады.

Бүгінгі күні кітапхана қоры 2908 баспа басылымын және Қазақстанның, Ресей Федерациясы мен басқа да шет елдердің 2003-2016 жылдар аралығындағы 177 аталым (қазақ тілінде - 25, орыс және басқа да тілдерде – 150 аталым)  журналы мен ресми жалғасты 2386-ге жуық дана басылымды  құрайды. Оның ішінде, Қазақстан журналдары – 80 аталым, Ресей және шетел журналдары  –  92 аталым. 2014-2017 жылдардағы 6 аталым газет (қазақ тілінде – 4, орыс тілінде -  2 аталым) бар. 

2017 жылы  26 аталым мерзімді басылымға жазылу ұйымдастырылған болса, 2018 жылға – 19 аталым басылымға жазылу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ кітапхана қорына  2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң, лингвистика және өзге де салалар бойынша 60 дана әдебиет түсті. Түскен  заң әдебиетінің басым бөлігін конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және халықаралық құқық салалары бойынша  қазақстан, ресей ғылыми, оқу басылымдары құрады.

2. Кітапхананың  анықтама-библиографиялық жұмысы. Кітапханада кітапхана қоры бойынша  анықтама-библиографиялық аппараттың мына түрлері қалыптастырылып, уақытылы толықтырылып отырады:

1. 1546-дан аса сипаттаманы қамтитын кітапхана  қорының электорондық жүйелік каталогы.

2. Құқық салаларының  12 тақырыбы бойынша 65, лингвистика саласы бойынша 4 басылымның сипаттамасын қамтитын электрондық басылымдардың  жүйелік каталогы.

3. Ағылшын, корей, неміс тілдеріндегі 31 басылымды қамтитын шетел басылымдарының каталогы.

4. Журналдардың, газеттер мен ресми басылымдардың 177 аталымын қамтитын 2003-2017 жылдардағы мерзімді басылымдардың тізбесі.

5. 33 тақырып бойынша 513 библиографиялық сипаттаманы қамтитын 2007-2017 жылдардағы журнал мақалаларының картотекасы.

Кітапханада үнемі «Жаңа  түсім», «Қазақстан Республикасы Заңнама институтының басылымдары», «Заңнама тілінің лингвистикалық мәселелері» және өзге де  тақырыптарда кітап көрмесі ұйымдастырылып отырады.

Кітапханада 2011 жылғы ақпан айынан бастап кітапхананың автаматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесінде:

109  библиографилық сипаттаманы  қамтитын, 2010-2016 жылдары ғылыми журналдарда және ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында жарияланған Заңнама институты ғылыми қызметкерлерінің ғылыми мақалалары картотекасы;

Қазақстан мен ресейдің оқу және ғылыми басылымдары енген, 749-ға жуық  кітаптың (1268 дана) сипаттамасын қамтитын кітап қоры каталогы қалыптастырылған.

3. Кітап көрмелері. Кітапханада кітап қорымен және түскен жаңа басылымдармен таныстыратын кітап көрмелері үнемі ұйымдастырлып отырады. 2017 жылы 5 кітап  көрмесі ұйымдастырылды. Үнемі жаңартылып отыратын «Жаңа түсім» көрмесінде 2017 жылға жазылған журналдар көрсетіліп отырды.

            2017 жылғы наурыздың 10-ы мен 17-і аралығында құқықтанушы-ғалым, мемлекеттік және саяси қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Н.А.Шәйкеновтің 70 жылдығына арналған «Заңғар заңгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Ұлттық кіапханасымен және ҚазМЗУ кітапханасымен бірлесіп дайындалған Н.А.Шәйкеновтің еңбектері мен ол туралы еске алу әдебиетінің библиографиялық тізімі әзірленді.

2017 жылғы 27 қыркүйек пен 27 қараша аралығында жаңа түскен басылымдармен таныстыратын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Осы кітап көрмесіне Қазақстан мен Ресейдің түрлі құқық салалары бойынша оқулықтар, ғылыми-әдістемелік құралдар, монографиялар, түсіндірмелер, сондай-ақ мекемелер, қызметкерлер өтеусіз тапсырған және мемлекеттік сатып алу арқылы алынған басылымдар қойылды. Көрмеге 40 баспа басылымы көрсетіліп, 30 электрондық басылым туралы мәліметтер қамтылған библиографиялық тізілім жасалды.

            2017 жылғы 2 қазан мен 13 желтоқсан аралығында ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы Заңнама институтының басылымдары» атты кітап көрмесінде құқық саласының түрлі тақырыптары бойынша 2007-2017 жылдары шыққан баспа басылымдарын, Институт қызметкерлері мен ғылымдарының авторлығымен шыққан оқу, ғылыми-әдістемелік басылымдарды, Заңнама институты өткізген түрлі ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдердің материалдарын, іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер материалдарын қамтитын  70-ке жуық баспа басылымы қойылды.