-A A +A

Құқықтық мониторинг орталығы

Құқықтық мониторинг орталығы (одан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Заңнама институты ММ –нің (одан әрі – Институт) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Құқықтық мониторингті жетілдіру мақсатында 2012 жылдың сәуір айында құрамына: құқықтық мониторинг және талду секторы және қолданыстағы НҚА-ға сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жургізу секторлары кіретін Құқықтық мониторинг орталығы құрылды. Орталықтың жетекшісі – Дүйсенов Ербол Абайұлы, заң ғылыми кадитаты

Орталықтың негiзгi міндеті Қазақстан Республикасындағы құқықтық мониторингтің дамытуына жәрдемдесу сонымен қатар уәкілетті органдарда құқықтық мониторингті жүргізуге жәрдемдесу; оның даму қарқынын, заңнаманың қолданылу тәжірибесі және одан әрі дамыту бағыттары туралы ұсыныстар шығару үшін аналитикалық талдау жүргізіліп отырады.

Құқықтық мониторинг және талду секторы өзіне жүктелген міндеттермен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдармен, қоғамдық құрылымдармен, ғылыми жәнеде басқада құқықтық ұйымдармен мониторинг сұрақтары бойынша бірігіп әрекет етеді; құқықтық мониторинг шегінде ғылыми зерттеулер жүргізіп әзірлейді, іргелі және ғылыми зерттеулер жүргізумен қатар; заңнамалық актілердегі әртүрлі құық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды, нормалардың қайталануы, деклоративтік нормаларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды айқындау үшін заңнаманы жетілдіруге ұсыныстар әзірлейді.

Құқықтық мониторинг орталығының қолданыстағы НҚА-ға сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жургізу секторының басты міндеттері болып: заңнамалық актілерге талдау жасап сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын нормаларды анықтау, іргелі және ғылыми зерттеулер жүргізу, орталық мемлекеттік органдарға әдістемелік және сараптамалық көмек көрсетеді, Институттың құрлымдық бөлімшелеріне нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуде ұйымдастыру сұрақтары бойынша жәрдем жасайды.

Орталықта заңгер ғалымдар жұмыс жасайды соның ішінде: төрт заң ғылымының кандидаты, заң магистрлері бар.