-A A +A

Құқықтық мониторинг бойынша актілер жинағы

  1.        «Заң шығару қызметі мен құқық қолдану процесінің проблемалары одан әрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының мониторингін жетілдіру кешені бойынша, соның ішінде заңнамалық актілердің заң шығару қажеттігін жүзеге асыруды туғызды».

       2016 жылы сәуір айында «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (одан әрі - Заң) қабылданды, соның негізінде құқықтық мониторинг заңнамаға қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімді іске асырылмайтын құқық нормаларын анықтау, сондай-ақ, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды.

      «Заңның 50 бабын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылғы 29 тамызда № 486 Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысымен Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы бекітілді, соның негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілердің мониторингі бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді орындайды».

       Мемлекеттік органдарға және басқа да мониторинг субъектілеріне Заң шығару қызметі мен құқық қолдану қызметі бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесімен бірге құқықтық жаппай оқыту бойынша құқықтық мониторинг жұргізу қағидасын түсіндіру жұмысы жүргізіледі.