-A A +A

Заңнаманы жетілдіру жөніндегі ескертпелер мен ұсыныстар

Құқықтық мониторинг орталығы 2017 жылы 65 нормативтік құқықтық актілерді талдады, оның ішінде: 5 кодекс, 59 заңдары мен 1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген, құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнама тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі.

 

2017 жылы талдау жүргізу кезінде Құқықтық мониторинг орталығының ғылыми қызметкерлерімен мынадай материалдар қолданылды:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қазақстан Республикасының Парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауларындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларындағы, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы өзге де актілердегі ақпаратты;

2) азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау мен жинақтап қорыту және прокурорлық қадағалау актілерін, мемлекеттік органға нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына қатысты келіп түскен сот шешімдерін қарау нәтижелерін;

3) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдарын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдарды;

4) қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар өткізетін заңнама нормаларын қолданудың қоғамдық мониторингі қорытындыларын (ұсынымдарын);

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингін жүргізуі нәтижелерін;

6) бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурстарында, оның ішінде ғылыми жарияланымдарда қамтылған ақпаратты;

7) нормативтік құқықтық актілердің құқық қолдану мәселелері бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерін;

8) құқық қолдану практикасы бойынша статистикалық деректерді;

9) заңнаманы жетілдіру бойынша талдау материалдарын;

10) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстары мен ескертулерін пайдаланады.