-A A +A

Басшылық

 

Аслан Султанович Тукиев

«ҚР Заңнама институты» ММ директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент

 

        1979 жылы 10 тамызда Қазақ ССР-да дүниеге келген. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

2 жоғарғы білімі бар. 2000 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағанды заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2004 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

2000 жылдан бастап, ішкі істер органдарында қызметін бастады. Қарағанды қаласындағы ІІБ-ның әкімшілік полиция және барлау бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесі бар.

ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының оқытушылық құрамында қызмет атқарды. Қылмыстық іс кафедрасының оқытушысынан  ішкі істер органдары ғылыми-зерттеу институтының әкімшілік қызметтегі мәселелерді зерттеу орталығы басшысы дәрежесіне дейін көтерілді. 

2012 жылы ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы директорының орныбасары лауазымына тағайындалды.

2012 жылдың маусым айынан бастап ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаменті директоры лауазымында қызмет атқарды.

2014 жылы Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының атқарушы директоры лауазымына тағайындалды.

2016 жылы сәуір айында ҚР Әділет министрінің бұйрығымен «ҚР Заңнама институты» ММ директоры лауазымына қабылданды.

Қылмыстық сот ісін жүргізушілік мәселесі бойынша 80-нен астам ғылыми еңбектердің авторы.

30-дан аса заң жобаларын әзірлеу жұмыстарына қатысқандығы туралы енгізу актілерінде, алғыс хаттарда, жұмыс тобын құру туралы бұйрықтарда және т.б. бар.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘМ), Қылмыстық-процестік кодексі (ҚР БП) және Қылмыстық кодекстің   (ҚР БП) әзірлеуі бойынша жұмыс тобы мүшесі. Сонымен қатар, ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулыларының сараптамасында және әзірлеуінде бірнеше рет қатысты. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысты қорғауға ресми оппонент ретінде тартылды.

ЕҚЫҰ өткізген іс-шараларда қылмыстық іс бойынша сарапшы ретінде бірнеше рет қатысты.

А.С. Тукиев:

- ҚР Үкіметі жанындағы әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның;

- ҚР Үкіметі жанындағы заң жобалау жұмысы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның;

- Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бақылау кеңесінің;

- Нұр Отан партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің;

- «Атамекен» ҰКП Президиумының;

- «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің мүшесі.

Түркия, Германия, Франция, Латвия мемлекеттерінде ғылыми тағылымдама және біліктілікті арттыру курстарында білімін жетілдірді.

 

kulzhabaeva.jpg

 

Жанат Орынбекқызы Құлжабаева

«Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ

директорының орынбасары

1960 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді.

1983 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Ленинград мемлекеттік университетін және 2002 жылы «Аударма ісі» (ағылшын тілі) мамандығы бойынша Абылай хан атындағы әлем тілдері және халықаралық қатынастар Қазақ мемлекеттік университетін аяқтады.

1991 жылы ЛМУ-де заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін «Ең қолайлы жағдайдағы ұлт туралы клаузула» тақырыбында диссертация қорғады.

1983 ж. және 2012 ж. аралығында Қазақстан Республикасының жетекші жоғарғы оқу орындарында түрлі ғылыми-педагогикалық лауазымдарда қызмет атқарды.

2005 ж. және 2009 ж. аралығында Заң шығару институтында халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінде жетекші ғылыми қызметкер лауазымында қоса атқарумен қызмет етті. 2012 жылғы 19 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарады.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілеттік жанындағы халықаралық құқық Ресей (Кеңес) қауымдастығы және Сарапшылық Кеңестің мүшесі болып танылды.

Ұлттық заңнамадағы халықаралық құқықты имплементациялау мәселелері бойынша 100-ден астам ғылыми жарияланымдары бар.

2007 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттың иегері, «Құрмет белгісімен», Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

   

                                                   

 

Тлембаева Жанна Урумбасаровна

«Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ директорының орынбасары

 

1968 жылы 25 қарашада Ақтөбе облысында дүниеге келген.

1987 жылы Челябинск заң техникумын бітірген. 1995 жылы Удмуртия мемлекеттік университетін (РФ, Ижевск қаласы) «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент. 2001 жылы ҚазГЗУ-да «Нормативтік құқықтық актілер сатыларының проблемалары» тақырыбы бойынша диссертацияны қорғады.

1995-2015 жылдар аралығында жоғары оқу орындарында профессор-оқытушы лауазымдарында: оқытушыдан бастап кафедра меңгерушісі, заң факультетінің деканы, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорға дейінгі лауазымдарда қызмет атқарды.

2013 жылғы сәуірден бастап «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ-нің Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ал кейіннен бас ғылыми қызметкері лауазымын қоса атқарды.

2016 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының құқық жүйесі, заңнама жүйесі, заң шығару қызметі, заңнамасын жетілдіру проблемалары бойынша 100-ден астам ғылыми еңбектердің (оның ішінде 1 монографияның, 5 оқу құралының) авторы.

Заң жобалау жұмысы, құқықтық мониторинг, НҚА жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасын жүргізу саласында жұмыс тәжірибесі бар. Заң жобаларының тұжырымдамаларын, заң жобаларын әзірлеуге қатысты.