-A A +A

Тарихы

ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХЫ

 

Қазақстан Республикасы Заңнама институтының (бұдан әрі -институт) құрылуы мен қалыптасуы Қазақстан Республикасындағы заң жобалау қызметінің даму үрдісімен тікелей  байланысты.

Институт Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығымен құрылған болатын, оны құрудағы негізгі мақсат мемлекеттің құқық шығармашылық функциясын іске асыруға ықпал ету болды. 1998 жылдың сәуірінде Заң шығару ғылыми зерттеу институты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заңнама институты боп қайта құрылды.

2000-шы жылдардың басында Заңнама институты жаңа астанаға қоныс аударды.

2004 жылдың наурызында Заңнама институты ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жұмысы үшін  Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аккредиттеген ғылыми мекеме мәртебесіне ие болды.

2000-шы жылдардың екінші жартысында Институт жұмысының құрамының бірі ғылыми бағыттарды күшейту және консультациялық қызмет көрсету нарығындағы кәсіптік қызметтер болды. Институттың анағұрлым басым бағыттарының бірі Қазақстан Республикасы заңнамасын дамытудағы (салалық заңнама бойынша) Тұжырымдама әзірлеу болып табылады.

2002 жылы Алматы қаласында  институт филиалы ашылып , ҚР ҒА ғимаратына орналасты.

Аталған кезеңде С.З. Зимановтың, Ғ.С. Сапарғалиевтің, М.Т. Баймахановтың, А.Г. Диденконың,М.Қ. Сулейменовтің, О.С. Иоффенің және басқа да белгілі ғалымдардың редакторлық етуімен іргелі ғылыми басылымдар мен монографиялар жарыққа шықты.

Қызметкерлер саны 62 адамнан 101 адамға өсті. Институт астанамыздың  әкімшілік орталығы – Әділет министрлігінің ғимаратына қоныс аударды.

Заңнама институты өзінің жиырма жылдық қызметінде заңнамалық актілер жобасының 350-ден астамын әзірлеуге тікелей қатысты, қабылданған заңдардың тиімділігін болжау бойынша Институт қызметкерлері заң жобаларына 400-ден астам ғылыми құқықтық сараптама өткізді.

Қазақстан Республикасының соттарында Үкіметтің мүддесін қорғау жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде Институт кінә қою-талап қою жұмысын жүзеге асырды. Мысалы, 2001-2007 жылдар кезеңінде Институт қызметкерлері 312 талап арыз бойынша сот процесіне қатысты.

Институт құрылған күннен бастап, оның басшылық қызметінде болған адамдар: з.ғ.к., профессор А.А. Таранов (1994-1997 жж.); з.ғ.д., профессор Е.О. Жанайдаров (1998-2000 жж.);  Е.А. Мазов (2001-2004 жж.); з.ғ.к., доцент М.И. Жұмағұлов (2004-2006 жж.); з.ғ.к., доцент С.В. Скрябин (2006-2008 жж.); з.ғ.к. Э.Ә. Нұғыманова (2008-2009 жж.), з.ғ.д., профессор Ж.Д. Бұсырманов (2010-2012 жж.), з.ғ.д., профессор А.А. Смағұлов (2012-2016 жж.).

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Заңнама институты ММ директоры заң ғылымдарының кандидаты, доцент Аслан Султанович Тукиев болып табылады.

Институт қабырғасында С.З. Зиманов, Ю.Г. Басин, Ғ.С. Сапарғалиев, М.Т. Баймаханов, А.И. Худяков, М.К. Сүлейменов,А.Г. Диденко, М.С. Бейбітов, И.В. Амирханова, К.М. Ильясова,Р.А. Подопригора, Д.С. Чукмаитов, С.М. Климкин, М.Ш. Қоғамов, И.Ш. Борчашвили, Р.Т. Нұртаев, А.Н. Ақпанов және басқалары сияқты еліміздің заңгерлері жұмыс істеді.

Республика дамуындағы норма шығармашылық қызметтің тиімділігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету және қоғамдық-саяси дамудағы құқықтық ғылым рөлін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №19 қаулысымен Заңнама институтына мемлекеттік мекеме мәртебесі берілді.